14 сәуірдегі мәлімет бойынша 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 12 482 пациент, амбулаторияда 23 339 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:
• 579 адамның жағдайы ауыр;
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек
12 сәуірдегі мәлімет бойынша 130 жаңа дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды, 101 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 539 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 50 304-і аурудан айықты. 736 науқас қайтыс болды.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 229 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

