Басты бет Қоғам Президент ұлттық экономика министріне бюджетке қатысты тапсырма берді

Президент ұлттық экономика министріне бюджетке қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады. Ұлттық экономика министрі президентке биылғы І тоқсандағы еліміздің экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары, экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарының іске асырылуы туралы есеп берді

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әсет Ерғалиев мемлекет басшысына экономиканың нақты секторындағы ахуал және жалпы ішкі өнімге қатысты болжамдар жөнінде баяндады. Сонымен бірге ортамерзімді перспективадағы экономиканың сапалы әрі орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі жолдарын ұсынды.

Министр шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі президент тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

Кездесу барысында макроэкономикалық тұрақтылықты және өңірлік дамудың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларға баса мән берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге бюджет саясатының тиімділігін арттыруға, өңірлік саясатты жетілдіруге және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Exit mobile version