Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев бас мүфтиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бас мүфтиді қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Наурызбай қажы Тағанұлы президентке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті бағыт бойынша биылғы атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады.

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пандемия кезінде Оразаның ұйымдастырылу ерекшеліктері, жасап жатқан қайырымдылық шаралары жайында мәлімет берді. Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда Ислам академиясын құру жұмыстарының басталғаны туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, бүкіл әлем бастан өткеріп отырған пандемия кезінде жамағатты сабырға шақырып, эпидемиология жағдайының тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірді.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Рамазан айы
Фото: Akorda.kz

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти президентті Рамазан айының алғашқы күнімен құттықтап, «Муфтият» баспасынан жақында жарық көрген «Тәпсірлердің таңдаулысы» атты Құран тәпсірлерінің қазақ және орыс тілдеріндегі 8 томдық аудармасын табыстады.

Exit mobile version