Басты бет Жаңалықтар Атырауда аналарды кәсіпке баулитын курстар ашылады

Атырауда аналарды кәсіпке баулитын курстар ашылады

Курсты аяқтап шыққан аналар өз кәсібін аша алады. Жоба көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған.

Жобаға қатысу үшін өтінімдер 20 сәуірге дейін қабылданады. Жоба жетекшісі волонтер, қоғам белсендісі Әйгерім Жәрдемқызының айтуынша, бұл курстың аналарға пайдалы тұсы өте көп.

«Consolidated Contractors Company» компаниясының қолдауымен және «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін #BILIMFORALL жобасы тігінші, аспаз, SMM-маманы, шаштараз және визажист атануға мүмкіндік береді.

Жоба 1 мамырдан бастап өз жұмысын бастайды. Оған көпбалалы, аз қамтылған, жалғызбасты, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар қатыса алады.

Exit mobile version