Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парағында жазды.
Ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет, — деді президент.
https://twitter.com/TokayevKZ/status/1381516302683095041
Бүгін геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ол 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.