Басты бет Қоғам 10-12 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

10-12 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады. Оңтүстік өңірлерде құбылмалы ауа райы сақталады.

Фото: Miss-crazy.livejournal.com

«Қазгидромет» РМҚ мамандары жақын күндері батыстан шығысқа қарай жылы ауа-массасы ығысатынын хабарлады.

Соған байланысты республикамыздың басым бөлігінде бұлттар сейіліп, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, бірақ Қазақстанның оңтүстік облыстарында фронтальды атмосфераның өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын болады, жел соғады деп болжанады. Кей жерлерде тұман түсіп желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал, — делінген хабарламада.

Exit mobile version