Басты бет Қоғам Президент: Қазір көпшілік вакцинациялаудың маңызын толық түсінбей жатыр

Президент: Қазір көпшілік вакцинациялаудың маңызын толық түсінбей жатыр

Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Ақордадағы кездесуінен видео таратты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысы Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдау кезінде халықты жаппай вакциналауды жеделдету үшін біріншіден, нарыққа вакцинаны тиісті мөлшерде жеткізу керек екенін, екіншіден, халыққа екпе салдырудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан.

Қазір жұрттың көпшілігі бұл шараның маңыздылығын толық түсінбей жатыр. Әрине, біз вакцинаны тегін саламыз. Сондықтан мен өзім де вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, кеше президент Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға вакцинаның қосымша бөлігін жіберу мәселесіне қолдау көрсеткені үшін Ресей билігіне, Владимир Путинге ризашылығын білдірді.

Exit mobile version