Басты бет Медицина Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді өз еркімен вакцина салдыруға үндеді

Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді өз еркімен вакцина салдыруға үндеді

Білім және ғылым министрінің айтуынша, вакцина салдыру мұғалімдердің өз еркінде, бірақ мектепте оқып жатқан балалардың қауіпсіздігі үшін вакцинациядан өткен дұрыс.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жалпы вакцина салғандардын 17% проценті мұғалімдер. Мұғалімдер осы коронавирусқа қарсы вакцинаны екті. Жалпы бұл мәселе мұғалімнің өз еркімен шешіледі. Өз еркі, ешкім мәжбүрлемейді. Бірақ, негізінен министр ретінде, Қазақстанның азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцина салдыруға, ғылымға сенуге шақырамын, — деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл біріншіден мұғалімдердің өздерінің, екіншіден мектепте оқып жатқан балалардың, ұжымдағы қызметкерлердің қауіпсіздігі.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі 5 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 239 040 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын хабарлады.

Exit mobile version