Басты бет Қоғам Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Ержан Ашықбаев. Фото: gov.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев осы туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Ержан Ашықбаев президент өкімімен Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Оның орнына Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

Ақан Рахметуллин
Ақан Рахметуллин. Фото: Gov.kz

Ақан Рахметуллин бұған дейінгі Пәкістан Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Exit mobile version