Басты бет Жаңалықтар Майра Мұхамедқызы халықаралық музыка сыйлығына ие болды

Майра Мұхамедқызы халықаралық музыка сыйлығына ие болды

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы классикалық өнер саласындағы BraVo сыйлығының иегері атанды.

Фото: Inform.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 2 сәуір Мәскеуде BraVo халықаралық кәсіби музыкалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Онда түрлі елден келген лауреаттарға алтын скрипка кілттері табысталды.  Майра Мұхамедқызы 15 номинация ішінен «Әріптес елдің ең танымал классик орындаушысы» атағын жеңіп алды.

Мен үшін BraVo сыйлығының лауреаты атану – үлкен мәртебе. Ресей азаматтарына шығармашылық қызметімді жоғары бағалағанына және өнер жұлдыздарының арасында болуға мүмкіндік мергеніне алғыс айтамын, – деді опера әншісі.

BraVo халықаралық кәсіби музыка сыйлығы 2017 жылы Monte Carlo радиосы мен «Русская Медиагруппаның» қолдауымен шықты. Жеңімпаздар көрерменнің бағалауы арқылы анықталады.

Exit mobile version