Басты бет Қоғам Найзағай мен бұршақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Найзағай мен бұршақ: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" кәсіпорны мамандары 3-5 сәуір күндеріндегі ауа райына болжам жасады.

Фото: 52.mchs.gov.ru

Синоптиктердің болжамына қарағанда, демалыс күндері Қазақстан аумағында көктемге тән ауа райы болады. Еліміздің шығыс бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Батыс аймақтарға солтүстік және оңтүстіктен циклондары келіп, бірігеді. Ол елдің көп бөлігіндегі ауа-райына әсер етеді. Жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізінен жаңбыр, кей жерлерде жауын-шашын мол түседі. Қазақстанның кей өңірінде тұман, көктайғақ, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Еске салайық, 30 наурыз бен 1 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған едік.

Exit mobile version