Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанда бір өңір толығымен карантинге жабылды

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігері Қанат Тұрдиевтің жаңа қаулысында айтылған.

Растайтын құжаттарды көрсеткен кезде осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына (-н) келуіне/кетуіне тыйым салынсын.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда көрсетілген санаттарды қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитариялық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін, — делінген қаулыда.

Мына адамдардың облысқа кіріп-шығуына рұқсат берілген:

  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының, медициналық, санитариялық-эпидемиологиялық, құқық қорғау, арнайы жедел және авариялық қызметтердің қызметкерлері;
  • медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін адамдар;
  • карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болған адамдар;транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушылар;
  • Тұрақты тұрғылықты жеріне оралған адамдар мен облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелері);
  • вахталық қызметкерлерді және басқа да санаттағы адамдарды тасымалдайтын машиналар.
Exit mobile version