Басты бет Жаңалықтар «Шымбұлақ» 29 наурыздан бастап жабылады

«Шымбұлақ» 29 наурыздан бастап жабылады

"Шымбұлақ" тау курорты 29 наурыздан 12 сәуірге дейін жабылады. Бұл туралы курорттың Instagram-парақшасында хабарланды.

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, Шымбұлақ ТК өз қызметін 29 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтатады, — деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойып, ол бойынша қаладағы карантин шектеулері 12 сәуірге дейін ұзарды.

Exit mobile version