Түркия президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға келеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.

Фото: Reuters

Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Түркия президенті Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарланды, — делінген агенттік хабарламасында.

2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Венгрия бақылаушы ел ретінде қатысады.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Түркия президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға келісті.

Exit mobile version