Басты бет Жаңалықтар Астаналық кондукторларға демалыс берілді

Астаналық кондукторларға демалыс берілді

Астанадағы қоғамдық көлікте жұмыс істейтін кондукторлардың бәрін демалысқа жіберді. Бүгін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай барлық автобустарда жол жүру қызметі тегін, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет

Айта кетейік, бүгін Астанада сағат 11:00-де ЭКСПО аумағында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі ашылады.

Кешкі сағат 17.00-де «Астана Опера» театрында «Тәуелсіздікке шашу» мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты концерт «Бәйтерек» монументінің алдында ұйымдастырылады. Концерт Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Ал ауқымды мерекелік отшашуды сағат 22:00-де елорданың бірнеше ауданында, атап айтқанда, Есіл өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында және «Хан-Шатыр» сауда орталығының сыртында тамашалауға болады. Астанада мереке күндері қоғамдық тәртіпті, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1500-ге жуық ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскері мен полиция қызметкері, 200-ге жуық арнайы машина тартылады.

Сондай-ақ, ТЖД жеке құрамынан 4 бөлімше, 204 адам жұмылдырылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version