Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.
Ресми сайттың дизайны мен құрылымы жаңартылып, әсіресе пандемия жағдайында өзекті болған онлайн-трансляцияларды өткізу мүмкіндігі іске қосылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына және президенттің баспасөз қызметінің facebook желісіндегі парақшасына сілтемелер сайттың негізгі бетінде көрсетілген, — деді Берік Уәли.
Сонымен бірге сайттың техника сипаттамалары да біршама жаңартылды.
Атап айтқанда, платформа жаңартылып, веб-сайттың жылдамдығы артты, тұтынушылар үшін парақшаның ашылу уақыты қысқарды, сайттың ішкі компоненттері, деректер қоры және бағдарлама кластерлері жұмысының ыңғайлы әрі жедел болуын қамтамасыз ететін заманауи бағдарлама негіздері орнатылды, — деді Берік Уәли Facebook-парақшасында.
Қауіпсіздік кеңесінің жаңалықтары енді жаңа тарауда жарияланады. Сонымен бірге мұрағаттағы ақпараттарға да қол жеткізу тетігі жетілдірілді.
Қазақстан президентінің сайты кейінгі рет 2015 жылы жаңартылған.