Басты бет Қоғам Алматыдағы ұшақ апаты. Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Алматыдағы ұшақ апаты. Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әуежайындағы ұшақ апатынан қазақ тапқандар туралы хабарды күйзеліспен қабылдағанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Аkorda.kz

Бұл туралы экс-президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әуежайында болған әуе апатының салдарынан адам шығыны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуын тілеймін, — делінген жеделхатта.

Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болған. Ұшақ бортындағы төрт адам қаза тапты, екеуі Алматының 4 клиника ауруханасына жеткізілді.

Exit mobile version