Басты бет Жаңалықтар Атырауда үш күнде 400-ден астам білім саласы қызметкері екпе алды

Атырауда үш күнде 400-ден астам білім саласы қызметкері екпе алды

Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды

Фото: Rbc.ru/

Атырауда білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өткен жиынға арнайы мамандар қатысты. Атап айтсақ, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Джайлауова, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы — Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді.

Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын.

Айта кетейік, соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның 408-і педагог, 183-і медицина қызметкері, 14-і мемлекеттік қызметкер.

Exit mobile version