Басты бет Қоғам 11-13 наурыз: Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

11-13 наурыз: Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Синоптиктер болжамына қарағанда, 11-13 наурызда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жауын-шашын мол түседі.

Фото: Reuters.com

«Қазгидромет» РМҚ мамандарының болжауынша, жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын әкелетін циклонның артынан суық Солтүстік-Батыс антициклон келеді. Оның әсерінен жауын-шашынның қысқа мерзімге тоқтатайды және ауа температурасының төмендейді.

Елдің оңтүстік аймақтарына Жерорта теңізі аудандарынан шыққан циклон әсер етіп, жауын-шашын (қатты жаңбыр, қар) әкеледі. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Көктайғақ, желдің күшеюі байқалады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version