Басты бет Қоғам «100 жаңа есім» жобасына төрт жылда қанша адам қатысты?

«100 жаңа есім» жобасына төрт жылда қанша адам қатысты?

2017 жылы елімізде "100 жаңа есім" жобасы басталды. Содан бері жобаға 4 882 өтініш түскен, 163 адам жеңімпаз атанған.

Фото: Ruh.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан жобалардың қай-қайсысы да өзінің мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды. Соның ішінде, «100 жаңа есім» жобасының алар орны айрықша.

Жоба 2017 жылы басталған болатын. Сол жылы жобаға 2 098 үміткер қатысты, оның 102-сі жеңімпаз болды. Қатысушыларға 1 376 396 дауыс берілген.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі — 2018» жобасына 1 111 өтінім қабылданды, 29 адам жеңімпаз атанған. Барлығы 836 617 дауыс берілген.

Жобаның ІІІ маусымына 1 673 адам өтінім берді, оның 32-сі жеңді. Үшінші маусымда қатысушылар 700 000 дауыс жинаған.

«100 жаңа есім» жобасы басталғалы бері 4 882 өтініш түскен, 163 адам жеңімпаз атанған. 3 жыл ішінде 2 913 014 дауыс қабылданды.

Қазіргі кезде «100 жаңа есім» жобасының IV маусымына өтінім қабылданып жатыр.

Айта кетелік, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету.

Әрбір қатысушы – Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан бірегей тұлға.

Exit mobile version