Басты бет Жаңалықтар Дубайдан ұшып келген бір қазақстандықтан коронавирус анықталды

Дубайдан ұшып келген бір қазақстандықтан коронавирус анықталды

2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы санитария-эпидемиология бақылау комитеті хабарлады.

Фото: Reuters.com

4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  • Алматы әуежайына — 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен — 2 458, анықтамасыз — 230;
  • Нұр-Сұлтан әуежайына — 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен — 1 229; анықтамасыз — 86;
  • Ақтау әуежайына — 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген;
  • Шымкент әуежайына — 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, олар қазір карантин стационарларында нәтижелерін күтіп жатыр.

Сонымен қатар, 4 наурызында анықтамасыз келген 513 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша, Дубай — Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Exit mobile version