Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, — делінген хабарламада.
Рейстер Б-737 әуе кемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері, санитария-эпидемиология талабын қатаң сақтай отырып орындалады.