Өткен айда ҚР Президентінің ресми сайты Елбасы тындырған 49 іс туралы ақпарат жариялады. Оның алғашқы үштігін кездесулер, телефон хабарлары мен қатысу шаралары құрады:
№ | Іс-шара | Саны |
1. | Кездесу | 20 |
2. | Телефон хабарлары | 7 |
3. | Нысандарды аралау | 6 |
4. | Іс-шараларға қатысу | 4 |
5. | Сұхбат | 3 |
6. | Сапар | 2 |
7. | Келіссөз | 2 |
8. | Брифинг | 2 |
9. | Жиналыс | 2 |
10. | Сөз сөйлеу | 1 |
Ішкі саясат
Ішкі саясат мәселелерін қарау кезінде Елбасы Бақытжан Сағынтаевтың жұмысын қарап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты есебін тыңдады. Сондай-ақ, жеті саланың басшысымен кездесті. Оның үшеуі ұлттық компаниялардың басшысы:
№ | Тұлға | Қызметі |
1. | Бауыржан Байбек | Алматы қаласының әкімі |
2. | Бақыт Сұлтанов | Қаржы министрі |
3. | Мұхтар Құл-Мұхаммед | «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары |
4. | Ахметжан Есімов | «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы |
5. | Сауат Мыңбаев | «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы |
6. | Асқар Жұмағалиев | «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы |
7. | Қайрат Келімбетов | «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы |
Сыртқы саясат
Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында екі елге: Жапонияға ресми сапар, Кореяға мемлекеттік сапар жасады. Онда екіжақты келіссөздер жүргізіп, брифингтерге қатысты. Одан бөлек, сыртқы саясатты талқылау мақсатында, тоғыз елдің өкілімен кездесу өткізді:
№ | Тұлға | Қызметі |
1. | Акихито | Жапония императоры |
2. | Ли Кэцян | Қытай Халық Республикасының премьер-министрі |
3. | Александр Вучич | Сербия Респуббликасының премьер-министрі |
4. | Антониу Гутерриш | БҰҰ Бас хатшысы |
5. | Любомир Заоралек | Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі |
6. | Фумио Кисида | Жапонияның Сыртқы істер министрі |
7. | Мирослав Лайчак | Словакия Республикасының Сыртқы және европалық істер министрі |
8. | Ли Мен Бак | Корея Республикасының экс-президенті |
9. | Ясуо Фукуда | Боаос азиялық форумының басқарма басшысы, Жапонияның экс-премьер-министрі |
Қараша айында Елбасы алты елдің ресми өкілімен телефон арқылы сөйлесті.
№ | Персона | Должность |
1. | Владимир Путин (2 рет) | Ресей Федерациясының президенті |
2. | Дональд Трамп | АҚШ президенті |
3. | Реджеп Тайип Эрдоган | Түркия Республикасының президенті |
4. | Алмазбек Атамбаев | Қырғызстан Республикасының президенті |
5. | Шавкат Мирзиёев | Өзбекстан Республикасының президенті |
6. | Томислав Николич | Сербия Республикасының президенті |
Бұл шаралардан бөлек, Нұрсұлтан Әбішұлы америкалық Bloomberg агенттігіне, ресейлік «Россия-24» арнасына және жапондық NHK арнасы мен «Киодо Цусин» агенттігіне сұхбат берді.
Елбасы жылдың қорытындылайтын айда көптеген кездесулерге барып, маңызды ақпараттық құралдарға сұхбат беріпті. Өте тығыз жұмыс кестесі, жемісті еңбек деп айтар едім
Біздң мемлекет басшымыз мақтанатын, мемлекеттің айнасы. Қараша айында сыртта кездесулерде болып қана қоймай, шет елде елбасының атына біршама дүниелер беріліп, Алматы мен Токио бірлесе жасаған бастаманың тұсауын кесті
Осындай қажырлы еңбектің арқасында біраз жетістіктерді бағындырдық
Елбасының жұмыс графигін көріп отырмыз… Демалыссыз жұмыс өз нәтижесін беріп жатыр. Аман болыңыз
тынымсыз еңбек, жүйелі жұмыстың арқасында біз нәтижесін көріп отырмыз. Бұл әрине, Алланың содан соң елбасының арқасы. Шаршамаңыз, талмаңыз Нұр аға!
Іс-сапарларға өткен айларда көп шыққанын біліп, көріп, оқып отырмыз. Елбасының деніне саулық тілейміз. Ел үшін қызмет етіп жүре беріңіздер
Елбасының жасы біразға келсе де демалыссыз жұмыс жасап жүр. Жарайсыз
Елбасының жұмыс кестесі өте тығыз, кейде бір күнде 3-4 ел басшыларымен кездесу өткізеді, әрине ол жігерлік пен қайсарлықты қажет ететіні белгілі.
Қажырлы еңбек ететін, қажырлы денсаулық тілейміз!
Ия сыртқы саясат пен ішкі саясатты бірге алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Елге қызмет ету оңай шаруа емес, әр кезде елдің абыройы үшін дер кезінде тиісті, оңтайлы шешім қабылдау керек болады.
Өте тығыз жұмыс кестесі. Үйінде отырып сайрағандар осының бірінде жасай алмайтыны анық. Тіпті жасауға білімі мен ақылы жетпейтіндер көсемситінін қайтерсің
Тынымсыз еңбек ету үшін ауырмай, аман болыңыз! Біз сізге сенеміз!