Басты бет Медицина Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа қайта оралды

Алматы коронавирус бойынша «сары» аймаққа қайта оралды

31 қаңтарда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша Алматы "сары" аймақтан шыққан еді. Бүгін қайта қосылды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 наурыздағы дерек бойынша эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

«Сары» аймақта Ақмола, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы бар.

Ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда тағы 717 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде 105 дерек Алматыда тіркелді.

Exit mobile version