Басты бет Қоғам Алматы облысында шұғыл қонған АН-2 ұшағы: оқиға орнынан суреттер пайда болды

Алматы облысында шұғыл қонған АН-2 ұшағы: оқиға орнынан суреттер пайда болды

26 ақпанда сағат 12.26-да​ Іле ауданы Боралдай кентінде Боралдай-Кеген бағытында санитарлық авиация әуежайынан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышында ақау шығып, жерге шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға болған жерге Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техника, «Боралдай» авиация қауіпсіздік қызметінен 15​ қызметкер мен 5 техника барды.

Ұшақта экипаждың 2 мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, — делінген хабарламада.

 

Ан2, Алматы облысы
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұған дейін АН2 ұшағының Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге  шұғыл түрде қонғанын хабарлаған едік.

Exit mobile version