Басты бет Қоғам Алматы облысында Ан2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Алматы облысында Ан2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ бортында 5 адам болған.

Фото: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Азия Континенталь әуекомпаниясының Ан2 әуе кемесінің Боралдай — Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге мәжбүрлі түрде қонды.

Ұшақ бортында 5 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — делінген министрлік хабарламасында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.

Exit mobile version