Басты бет Қоғам Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Қыстың соңғы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМҚ мамандары 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Фото: Pic2.me

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Солтүстік-Батыс циклоны келуімен республиканың басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.

Батыс өңірлерді қоспағанда күндізгі ауа температурасы оң мәндерге дейін жетеді. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады, — делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында 25-27 ақпан күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, аяз болатынын хабарлаған едік.

Exit mobile version