Эквадор түрмелеріндегі тәртіпсіздіктен 60-тан аса адам қаза болды

Эквадордың үш түрмесінде, Гуаяс, Котопахи және Асуай провинциясында тұтқындар арасында тәртіпсіздіктер болды. Ел президенті Twitter-де мәлімдеме жасады.

Эквадор, полиция

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметіне сүйенсек, 62 тұтқын тәртіпсіздік құрбаны болған.

Эквадор президенті Ленин Морено Twitter-парқшасында зорлық-зомбылықтың артында қылмыс топтары тұрғанын жазды.

Прокуратура Гуаякильдегі жағдайды бақылауға алған полиция тұтқындар камераларынан атыс қаруын, пышақтар мен ұялы телефондарды тәркілегенін хабарлады.

Эквадор, полиция
Фото: Reuters

Түрмелерде қаза тапқандардың бәрі тұтқын. Полиция қызметкерлері арасында қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер себебі есірткі саудалайтын бандалар арасындағы күрес.

Фото: Reuters

Exit mobile version