Басты бет Қоғам Алматы тауларында әйелдің мәйіті табылды

Алматы тауларында әйелдің мәйіті табылды

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің кім екені анықталып жатыр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

23 ақпанда Медеу ауданының таулы аймағында түр-келбеті еуропалық 40-45 жастағы белгісіз әйелдің денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, — делінген Алматы полициясы таратқан хабарламада.

Ақпарат әуелі әлеуметтік желіде пайда болды. Тұрғын әйелдің денесін таңғы жүгіру кезінде көріп, полицияға хабарлаған.

Таңертең Алматы тауларында әйелдің мәйіті табылды. Болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған. Оқырмандарымыздың бірі таңертең жүгіріп жүргенде байқаған. Ол бірден 102 нөміріне хабарласты, — деп жазды Qumash Telegram арнасы.

Exit mobile version