Басты бет Қоғам Инклюзив білім беру туралы үздік материал байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

Инклюзив білім беру туралы үздік материал байқауына өтінімдер қабылданып жатыр

"Болашақ" қоры журналистер мен әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында инклюзив білім беруді жариялау бойынша үздік материалға жыл сайынғы конкурстың басталғанын жариялады. Конкурстың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге.

Фото: "Болашақ" корпоратив қоры

Сайыс 5 номинация бойынша өтеді: телевизия жұмысы, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет- жарияланым/пост.

Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін (қоса) қабылданады. Жеңімпаздардың есімі Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 2021 жылғы сәуірде жарияланады.

Конкурс аутистикалық спектрі бұзылған адамдарға қазақстандық қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыруға оң әсер етеді. Байқау өткізіліп жатан уақыт ішінде Қазақстан мен шет елдерден барлығы 200-ден астам жұмыс келіп түсті, – деді ұйымдастырушылар.

Байқауға республика және өңір телеарналарының, ақпарат агенттіктерінің, баспа басылымдарының журналистері, сонымен бірге әлеуметтік желілерді қолданушылар қатыса алады.

Конкурс шарттарымен www.bolashakcharity.kz сайтында танысуға болады. Толық ақпаратты 8 7172 500 618, +7 775 225 19 07 телефондары бойынша ала алалсыз.

Exit mobile version