ДДСҰ өкілі пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы басшысы Ханс Клюгенің айтуынша, COVID-19 инфекциясы пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін.

Иллюстрация: Dribbble.com/©catalyst

Бұл туралы ұйым өкілі DR дат телеарнасына айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz порталы «Анадолуға» сілтеме жасап.

Ханс Клюгенің айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда қалыпты болады.

Ең жағымсыз сценарий артта қалды. 2020 жылға қарағанда вирус туралы көбірек білеміз, — деді Ханс Клюге.

Ханс Клюге, ДДСҰ
Фото: Риа Новости

Алайда ол жеке өз болжамын айтып отырғанын нақтылады, себебі пандемияға байланысты жағдай қандай боларын ешкім дөп басып айта алмайды.

Вирус қалады, бірақ шектеу қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл жағымды сценарий, — деді Халықаралық ұйым өкілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 22 ақпанда әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны — 110 974 862, оның ішінде 2 460 792 адам қайтыс болған. АҚШ, Үндістан мен Бразилияда ауру жұқтырғандар көп.

Exit mobile version