Басты бет Жаңалықтар Америкадағы қазақ полицейі Димаш Ниязов бокста жеңіске жетті

Америкадағы қазақ полицейі Димаш Ниязов бокста жеңіске жетті

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (АҚШ, Флорида штаты) бокс кеші аясында өтті. Қазақстанда туған Димаш Ниязов аргентиналық Джонатан Годойды жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. 

Димаш Ниязов. Фото: Vesti.kz. ©Тұрар Қазанғапов

Жекпе-жеке жоспарланған алты раундқа созылып, төрешілер жеңісті бір ауыздан Димаш Ниязовқа берді.

Бұл — 32 жастағы боксшының 14-ші, 2017 жылдан бері санағанда бірінші жеңісі. Бұған дейінгі жекпе-жекте боксшы жеңіліп қалған еді. Одан соң омыртқааралық диск жарығына, кейін пандемияға байланысты рингке шыға алмай жүрді. Ал 29 жастағы аргентиналық боксшы сегізінші рет жеңіліп отыр, бұған дейін бес рет жеңіс туын көтерген.

Айта кетейік, Димаш Ниязов Америкада полицей болып істейді. Шымкентте туған, бала кезінде отбасымен бірге Америкаға көшіп кеткен.

Exit mobile version