АҚШ Беларусь шенеуніктеріне санкция салды

Америка Құрама Штаттары мемлекекеттік департаментінің мәліметінше, "қара тізімге" сот, прокуратура мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілген. Енді олар АҚШ аумағына кіре алмайды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ғимараты. Фото: J.Scott Applewhite, File

АҚШ Беларусьтің 43 азаматына қарсы визалық санкциялар қабылдады. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Жазалау шараларын қабылдауға Беларусь билігінің бейбіт шерулерді күшпен басып, саяси белсенділерді қуғындауы себеп болған, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Америка үкіметі бұған дейін 2 рет Беларусьтағы ресми тұлғаларға қарсы визалық шектеулер енгізген еді. Содан бері қара тізім 66 шенеунікпен толыққан.

Exit mobile version