Өзбекстан «Спутник V» вакцинасын қолданатын болды

Ресейдің Гамалея ғылыми-зерттеу орталығы жасаған "Спутник V" вакцинасын Өзбекстанда қолдануға рұқсат берілді.

Фото: Gazeta.ru

Бұл туралы ӨзА агентігі хабарлады.

Республикалық арнайы комиссия мәліметінде «Спутник V» вакцинасы клиника сынағының үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Өзбекстанда сертификаттаудан өткізіп жаппай қолдануға мақұлданғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта осы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алу бойынша шаралар қабылдануда, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Өзбекстанда қытайлық ZF 2001 вакцинасының үшінші клиникалық сынағы сәтті өтіп жатыр. Қазірге дейін 7 мыңға жуық азаматта ешқандай жанама әсер байқалмаған.

Өзбекстанда жаппай вакциналау наурызда басталады деп жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 18 ақпандағы мәліметінше, Өзбекстанда 79 548 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, оның 78 мыңы аурудан айыққан. Ал 622 науқас қайтыс болған.

Exit mobile version