Испания туристер үшін шекарасын ашуға дайындалып жатыр

Испания үкіметінің мәліметінше, жазда халықтың 70%-ін вакцинациялау жоспарланған. COVID-19 төлқұжатының пайда болуымен шекараларды ашу қауіпсіз бола түседі деген сенім бар. Алайда Испания бұл құжатты міндетті деп қарастырмайды.

Бұл халықаралық көлік қатынасын жандандыруға септігін тигізетін небары пайдалы элемент, — деді ведомство өкілдері.

Испания бірінші кезекте жақын еуропалық көршілері үшін шекараны ашуды жоспарлап отыр. Ведомство мәліметінше, Испания үшінші елдердің саяхатшыларын қабылдау үшін Еуроодақ елдеріндегі серіктестерімен бірге шешім қабылдайды.

Испания, турист
Фото: Shutterstock

Саяхатшылар үшін ПТР-тест тапсыру міндетті болады. Өйткені адам вакцина салдырғанның өзінде вирус тасымалдаушы болуы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қазақстандықтар Испанияға Еуроодақ елдері азаматтарының отбасы мүшесі екенін дәлелдейтін қағазы болған жағдайда ғана кіре алады. Сонымен бірге студенттер білім алу үшін бара алады.

ДереккөзKaz.tengritravel.kz