Әйгілі тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды

Бұл туралы оның Twitter-дегі парақшасында жарияланған хабарламада айтылған.

Фото ашық дереккөзден

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында қайтыс болды.

Кинг Лос-Анджелес ауруханаларының бірінде қайтыс болды.

Тележүргізуші өзінің «Ларри Кинг Live» шоуымен танымал болған. Ол өмірінде елу мыңнан аса сұхбат жүргізген.

Айта кетейік, қаңтардың басында Кинг коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болған.

2017 жылы тележүргізуші өкпе қатерлі ісігімен қалай күрескенін айтқан. 2019 жылдың сәуірінде ол ангиопластикадан өтіп, өткен жылы инсульт алған.

Exit mobile version