Басты бет Қоғам Алматы облысында жол-көлік апатынан жеті адам қаза тапты

Алматы облысында жол-көлік апатынан жеті адам қаза тапты

Қайғылы оқиға кеше, 14 ақпанда Алматы - Өскемен автожолының 342-шақырымында болған. Көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған.

Фото: Видеодан скрин

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Nissan Qashqai жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүккөлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан жеті адам қаза болды: Nissan жүргізушісі мен төрт жолаушы, Volvo жүргізушісі мен бір жолаушы. Қайтыс болғандардың кім екені анықталды. Оқиға болған жерде облыстық полиция департаменті қызметкерлері, сонымен бірге Ақсу полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеді, — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда факт бойынша сотқа дейінгі тергеу Қылмыс кодексінің 345-бабына сәйкес жүріп жатыр.

Полиция департаментіндегілер қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Әлеуметтік желіде жол-көлік оқиғасынан кейінгі видео тарады.

Exit mobile version