Басты бетҚоғамҚазақстанда көше...

Қазақстанда көше атауларын өзгертуге мораторий енгізіледі

Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, ұсынысты премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия отырысында мақұлдады.

Санақты сапалы өткізу үшін комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктер құру, жою және қайта құру туралы ұсыныстар бойынша және елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атауға қатысты 2021 жылғы 1 мамыр мен 31 желтоқсан аралығына мораторий енгізу орынды ма, деген мәселені қарады, — делінген арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша хабарламада.

Бірінші вице-премьер ұсынысты мақұлдап, Ұлттық статистика бюросына Президент әкімшілігіне тиісті хат жолдауды тапсырды.

Елдімекендердің құрамдас бөліктеріне шағын аудандар, қала аудандары, алаңдар, даңғылдар, бульвар, көше, тұйық көшелер, саябақтар, гүл бағы, көпірлер және басқа да бөліктер жатады.

ДереккөзTengrinews.kz