Басты бет Жаңалықтар Биыл Наурыз мейрамы қалай тойланады? Министрлік жауап берді

Биыл Наурыз мейрамы қалай тойланады? Министрлік жауап берді

Қазақстан азаматтары мейрамды отбасымен үйде қарсы алады. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, көп адам қатысатын шаралар өткізуге болмайды. 

Фото: Айгүл Хожантаева

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Вице-министрдің айтуынша, өңірлердің «қызыл», «сары», «жасыл» аймақта орналасқанына қарамастан, көпшілік қатысатын мерекелік шаралар өткізуге тыйым салынады.

Осы Наурыз мерекесін бәріміз отбасымызбен қарсы аламыз. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынғандықтан тойлауға болмайды. Мереке кезінде санитария ережелерін сақтап, маска тағып, адам көп жиналатын жерге бармауларыңызды сұраймыз, — деді Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау вице-министрі Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде коронавирус жұқтырғандар саны көбейгенін айтты.

Exit mobile version