Басты бет Қоғам Алматы полициясы автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Алматы полициясы автокөлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Полиция департаменті мамандары жаңбырдан кейін қар жаууына байланысты қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Қала көшелерінде қатынау қиындайтынын хабарлады.

Фото: Иван Ивасенко

Алматы полициясы қолайсыз ауа райы кезінде жол қозғалысына қатысушыларды мұқият болуға үндеді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл әсіресе қауіпті құралды басқаратын автокөлік жүргізушілеріне қатысты.

Осындай қиын уақытта жолдағы тәртіпті жақсарту, сақ болу және бір-біріне құрмет көрсету өте маңызды. Жол ережелерін қатаң сақтау сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі, — делінген департамент хабарламасында.

Сонымен бірге қалалық коммуналдық қызметке көмек көрсету үшін қосымша патруль полициясы жіберілгенін хабарлады.

Exit mobile version