Алматыда Универсиада 2017-нің тикет-офисі ашылды

Тикет-офисте жарыстардың өту кестесімен танысып, спорт нысандарының қайда орналасқанын білуге, билет сатып алуға, ауыстыруға, қайта өткізуге, билет сатып алғаныңыз жөнінде есеп қағазын алуға, ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға болады.

Мұрат МҰТЫРҒАНОВ, УНИВЕРСИАДА ЕЛШІСІ: Менің байқағаным билет алушылар өте көп. Мен де алғашқылардың бірі болып шайбалы хоккейге билет алдым. Енді 10 желтоқсаннан бастап барлық спорт түрлеріне билеттер сатыла бастайды. Қолымда Универсиаданың күнтізбесі де бар.

Универсиаданың барлық сайыстарына билеттер сатылуда. Жастардың жаһандық жарысы Алматы қаласында қаңтардың 29-ынан ақпанның 8-іне дейінгі аралықта өтеді. Оған әлемнің 57 елінен 2 мыңнан аса спортшы қатысады. Ауқымды шараға 30 мыңға тарта шетелдік қонақ келеді деп күтілуде. Алматы универсиадасын әлемнің 80 елінде 1 млрд көрермен тамашалайды.

Дереккөзkazakh-tv.kz