Фильмде сол жылдары Қазақстанның батысында мұнай кен орындарын толықтай аяққа тұрғызу үшін тіпті КСРО-ның да технологиясы, мамандары, қаржысы да болмаған. Бірінші «ғасыр келсімшарты» америкалық «Шеврон» компаниясымен жасалған. Бұл компания ірі Теңгиз кен орнын ашты.
«Отанын сатып жатыр дейтіндер көп болды. Кәсіпорындарды саттық, оны да саттық, мұны да саттық. Мұның бәрі тек білместіктен айтылған сөз еді, бұлай дейтіндердің өзі ештеңе істей алмайды. Көтерілу үшін ақшаны қайдан алар едік? Шамамен 300 миллиард доллар тікелей инвестиция ретінде тартылды. Кредит емес. Яғни америкалық компаниялар келіп, біздің экономикамызға қаражат құйып, өндіре бастады. Біз бұл ақшаны өзімізге алмауымыз керек, сондықтан табысымызды «саған да, маған да» деп бөлістік. Осы инвестициялардың арқасында Қазақстан көтерілді. Олар бізге ақшасын ғана емес, технологиясын да алып келді. Бізде жерасты байлықтары көп қой. Ал бұл Қазақстанға не берер еді? Халыққа не береді? Шикізатты шығарып, сатып, ақша алу керек, сосын адамдарға беру керек. Мәселе осында. Адамдарға жұмысқа да ақша беру керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Америкалықтар келіссөздерге келгенде өте сақ. Бірақ соған қарамастан, олар өз пайдасын көріп тұрды. «Шевронмен» келісімшарт жасасқанымызда, компаниялардың акциясы бірден өсіп, осы арқылы олар екі жарым миллиард доллар шамасында табыс көрді. Бірақ біз де өте қатаң шарт қойдық, бұл оңай болмады. Мұның барлығы әрдайым жоғары деңгейде өтті, барлық маңызды шартты Президент өзі өткізді, оған барлығы баяндалып отырды, — деді Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко «ғасыр келісімшарты» жайлы мән-жайды айта отырып.
Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы ірі металлургиялық комбинаттың жойылудан қалай аман қалғанын айтты. 90-жылдары 250 мың адам жұмыссыз қалған еді. Сол уақытта Президент Лакшми Митталмен келіссөздер жүргізген.
«Ол зауыт зеро — нөлде тұрғанын айтты. «Біз — «бұл қалай болғаны, Кеңес одағында салынған соңғы зауыт қой! Кеңестің ақшасы бойынша бір жарым миллиард рубль!» дестік. Сол уақытта үкіметтегілер олармен күні бойы әңгімелескенін, ал үшінші күні оның кетіп қалғанын айтты. Сосын мен оған телефон соғып: «Миттал мырза, қайтып келіңіз, маған келіңіз» дедім. Маған келді. Біз тілмәш арқылы екі-үш сағат бойы сөйлестік. Ол сосын мемлекетке 350 миллион доллар төлеп беруге келісім берді, комбинаттың барлық қарызын да өтеуге және кәсіпорынға бірнеше жыл ішінде миллиардтаған доллар инвестиция құюға уәде берді. Бір жыл өтпей жатып, зауыт жұмыс істеп кетті, барлық металлург өз цехтеріне оралып, қала өмір сүре бастады», — деп еске алды Мемлекет басшысы.