Басты бет Медицина Коронавирустың таралуы бойынша төрт өңір «қызыл» аймақта

Коронавирустың таралуы бойынша төрт өңір «қызыл» аймақта

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта қалып отыр.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Павлодар, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта. Бұл өңірлерде карантин шектеулері қатаң сақталуға тиіс.

Ал «сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлері «жасыл» аймақта. Мұнда коронавирус бойынша ахуал тұрақты, шектеу шараларын босаңсытуға болады.

коронавирус, матрица

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 161 жағдай тіркелді, 1 195 адам жазылып шықты, 3 науқас қайтыс болды.

Exit mobile version