Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық спортшы Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) голландиялық Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) жеңді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Фото: Eye of the Tiger Management

Кездесу 10 раундқа созылды. Ахмедов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандықтың бұл 12-ші жеңісі.

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтті. Мұнда жеңімаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленді.

Ахмедов рингке Мексикада алғаш рет шығып отыр. Спортшы өткен 10 кездесуін Канадада, тағы біреуін Қазақстанда өткізген. Ол канадалық Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді.

Exit mobile version