Басты бет Жаңалықтар Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Қазақстандық журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл хабарды Facebook-тегі "Қазақстан журналистері" тобы мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі растады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Фото: Іnbusiness.kz

М. Дорофеев журналистикадағы жолын Атырау облысында бастап, республикалық медиада – КТК телеарнасында, «Экспресс К», «Город» және «Мегаполис» газеттерінде (бас редактордың орынбасары) жалғастырған. Республикалық телеарналарда басшылық қызметтер атқарды, оның ішінде «Астана қ. телевизиясы» ЖШС Бас директоры және «Эра» телекомпаниясы ЖШС бас продюсері болып жұмыс істеген. Әр жылдары «Портрет недели» (КТК), «Формула личности» (Қазақстан, Астана-ТВ), «Тема»(«Астана» телеарнасы), «Открытый диалог» (Хабар) телевизия бағдарламаларының жүргізушісі болды.

Михаил Дорофеев 49 жаста еді.

Baribar.kz редакциясы Михаил Дорофеевтің туған туыстары мен достарына көңіл айтады.

Exit mobile version