Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Онда дәрігер қазақстандықтарды короновирусқа қарсы вакцинациялау жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

көрнекі сурет

«Коронавирус инфекциясын халық арасында таралуын болдырмау мақсатында қаулы етемін:

Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықтың коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация» әдістемелік ұсынымдары бекітілсін;

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вакциналарды сақтау және тасымалдау туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін», — делінген қаулыда.

Еске салайық, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады.

Exit mobile version