Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты

Нұр-Сұлтан мен Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақтан шықты

Қазақстанның үш өңірі коронавирус бойынша "қызыл" аймақтан шықты. Олардың арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы бар. Бұл туралы COVID-19 таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

30 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиология жағдайын бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «қызыл» аймақта — Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • «сары» аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
  • «жасыл» аймақта — қалған барлық өңір.

Еске салайық, бұған дейін Алматы және Нұр-Сұлтанның коронавирус инфекциясы таралуы бойынша «қызыл аймаққа» кіргенін хабарлаған едік.

Exit mobile version