Басты бет Қоғам Жаңбыр және қар. Синоптиктердің алдағы 3 тәуліктегі ауа райына болжамы

Жаңбыр және қар. Синоптиктердің алдағы 3 тәуліктегі ауа райына болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 28-30 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Фото: Fluentu.com

Қазақстанның барлық өңірінде 29 қаңтарға дейін күн жауын-шашынсыз болады.

Мамандардың мәліметінше, 29 қаңтардан бастап батыстағы аймақтарға Солтүстік-батыс циклоны, ал 30 қаңтардан бастап оңтүстіктегі облыстарға Оңтүстік циклон келеді.

Оның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сонымен бірге температура фоны айтарлықтай артады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары.

Еске салайық, мұның алдында 26-28 қаңтар күндері күн жылы болатынын хабарлаған едік.

Exit mobile version