Басты бет Қоғам Қазақстанда Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігі құрылады

Қазақстанда Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігі құрылады

Қазақстанда Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігі құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Президент жалған кәсіпорындар мен әдейі салық төлемейтіндерге қарсы жұмысты жүйелі түрде күшейтуді талап етті.

Ресми бағалаулар бойынша ішкі жалпы өнімнің төрттен біріне, ал Дүниежүзілік банктің деректері бойынша 40%-ке жуығы «көлеңкелі» аймақта екен.  «Көлеңкелі» экономикаға қарсы күрес жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігі құрылады, — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 1994 жылдан бері жұмыс істеді. 2014 жылдың тамызында ведомство таратылды.

Exit mobile version