Басты бет Экономика 2006 жылы шыққан банкноттарды айырбастау мерзімі ұзарды

2006 жылы шыққан банкноттарды айырбастау мерзімі ұзарды

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін созды.

Фото: Liter.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады. Осыған байланысты азаматтардан 2021 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшаларына айырбастап алу үшін жақын жердегі филиалға хабарласуды сұраймыз, — деді Ұлттық банк өкілдері.

2000 теңге

Банк мәліметінше, 21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент пен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%-і) және 5 000 теңгелік (27%) банкноттар болды.

Exit mobile version